Qalam tarih
Qalam - Қазақстан және Орталық Азияның тарихы мен мәдениетіне арналған мультимедиалық жоба
Мұнда тарихымыз түгел қамтылған. Түсінікті әрі қызықты.
Подкасттың видео форматын youtube-тағы Qalam Tarih арнасынан көре аласыздар!
Listen on:
Episodes

Nov 7, 2025
Nov 7, 2025
1hr 19 min
Қазақ пен жоңғардың қанды қақтығыстары – жай ғана соғыс емес, ұлт тағдырын өзгерткен тарихи кезең. Бұл сұхбатта жоңғарлардың шығу тегі, олардың қазақ даласына неге қауіп төндіргені және Абылай ханның Әмірсананы ұстап бермеуінің шынайы себебін тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы Qalam tarih подкастында ашып айтады. Жаңа деректер мен күтпеген фактілер сіздің тарихқа деген көзқарасыңызды өзгертуі мүмкін.

Nov 7, 2025
Nov 7, 2025
1hr 1 min
Алаш зиялыларының кітаптары мен еңбектеріне не үшін тыйым салынды?Міржақып Дулатұлы қандай рухани мұра қалдырды? Олар бүгінге дейін қалай сақталды? Алаш қайраткерлерінің шығармалары неге бүгінге толық жетпеді? Егер саяси қуғын-сүргін болмаса, қазақ тілі мен әдебиеті қай деңгейге жетер еді?
Осы Qalam tarih подкастында Алаш қайраткерлерінің тағдыры, ғылыми еңбектері, жоғалған мұрасы және қазақ тілінің тарихын алаштанушы ғалым Айгүл Ісімақова баяндап береді.


